Приемная:
+7(727) 276-00-90
Бухгалтерия
+7(727)277-01-80
Версия
для слабовидящих
02
сентябрь
2019

1 қыркүйек- Білім күні

2019 жылдың 1-ші қыркүйегінде Арнаулы білім беру ұйымы алаңында сағат 9:00 де «1 қыркүйек – Білім күні» деп бала жадында жатталуын, Отанға, мектебіне, ұстаздарына деген махаббатты бала жүрегінде ұялату, азаматтық-патриоттық сезімді ояту мақсатында «Сыңғырла, сыңғырла алғашқы қоңырау» атты салтанатты жиыны болып өтті. Мерейлі мерекені паш еткендей, білім ордасының ауласы безендіріліп, мектеп, ұстаздар туралы әндер ойналып тұрды. ҚР мемлекеттік туы енгізіліп, әнұран орындалды. Жиналғандарды жаңа оқу жылымен құттықтаған мектеп директоры Нұржан Жұманұлы Искаков жаңа оқу жылында жаңа жетістіктерге жетуге тілектестігін білдіріп, ұстаздар қауымы мен жиналған қонақтарды құттықтады. Және тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары мен оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін арнаулы ұйымның педагог қызметкерлеріне ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов берген Құрмет Грамотасын иелеріне табыстады. Салтанатты жиында ән мен би де орын алды. Алғашқы қоңырау соғу салтанатына 11 сынып оқушысы Патрикеев Виктор мен 7 сынып оқушысы Крякин Иван ие болды.