Приемная:
+7(727) 276-00-90
Бухгалтерия
+7(727)277-01-80
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
08
май
2019

9 мамыр-Жеңіс күні

7 мамыр Отан қорғаушылар және 9 мамыр Жеңіс күніне орай арнаулы білім беру ұйымында «Тарихи ұлы жеңіс!» атты мерекелік концерт болып өтті. «Отан үшін от кешкен ерлердің ерлігі ұмытылмайды» деп, мектеп директоры Искаков Нұржан Жұманұлы мерекелік кеште құттықтап сөз сөйледі. ҚР әнұраны орындалып, соғыста қаза болған Кеңес Одағының батырларына 1 минуттық үнсіздік жарияланды. Мереке соңы патриоттық әндермен жалғасын тапты.
Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 74 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн. Сондықтан да атаулы мерекелерді жоғары дәрежеде атап өту –кейінгі ұрпақтық естеліктер жалғасы болып табылмақ.