Приемная:
+7(727) 276-00-90
Бухгалтерия
+7(727)277-01-80
Версия
для слабовидящих
23
февраль
2019

"Екі жұлдыз" байқауы

2019 жылдың 22 ақпан күні Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымында дәстүрлі «Екі жұлдыз» сайысы өтті. «Сайыс өтеді» дегеннен-ақ, тәрбиеленушілер бұл жобаны асыға күтті. Сайысқа сегіз жұп қатысты. Жоба 4 кезеңнен тұрды. Мектеп директоры Искаков Нұржан Жұманұлы, осы шараның бастамасышы болып жүрген Каримова Айгүл Болатқызы және өз ісінің шебері, дизайн, тігін, еңбек жөніндегі нұсқаушы Бекмурзина Лаура Берікқызынан құралған әділ-қазылар алқасы қатысушылар өнерін бағалады. Алғашқы кезеңде қатысушылар өздерін таныстырып, келесі кезеңде әр жұп қалаған әндерін орындап дуэт болып өнер көрсетті. Соның ішінде Виталий мен Марияның жұбы көрермен ықыласына ерекше бөленді. Жұптар бір-бірінен ән айтуымен ерекшеленді. Бірі романтикалық туындыны таңдаса, енді бірі рэп стиліне баса назар аударыпты. Жалпы сайыс көңілді әрі тартысты өтті. Жоба қорытындысы бойынша Никита мен Алина жұбы үздік деп танылды. Қатысушылардың барлығы диплом және әр түрлі номинациялар бойынша өз жүлделерін алды, сондай-ақ бағалы сыйлықтармен марапатталды.
«Екі жұлдыз» байқауының негізгі мақсаты тәрбиеленушілердің жан-жақты қабілетін ашу, таланттыларға қолдау көрсету мен өзара қарым-қатынас аясын кеңейтуге бағытталғанын айта кеткен жөн. Аталмыш шара болашақта дәстүрлі түрде жалғасын таба берсін дейміз.















Похожие публикации:

06 ноябрь 2018 Күзгі бал
23 июнь 2018 "Қыз сыны-2018"
06 декабрь 2017 Екі жұлдыз 2017