Приемная:
+7(727) 276-00-90
Бухгалтерия
+7(727)277-01-80
Версия
для слабовидящих
23
январь
2019

2019 жыл "Жастар жылы"



Бүгінгі жас болашақ Қазақстанның жарқын бейнесі. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Халыққа Жолдауында: Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтеру міндеті тұр,- деп, жастарға зор сенім мен үміт артты. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын ету үшін жастар білімді болу керек. Қазіргі таңда әрбір жастың алаңсыз, білім нәрімен сусындауына барынша жағдай жасалған. Елбасымыздың бастамасымен жастардың шет елдерде білім алуына үлкен мүмкіндіктер ашылды. Және де елімізде мемлекеттік жастар саясатын жан-жақты қолдау мен жүзеге асыруға бағытталған ауқымды шаралар жүргізілуде. Сондай-ақ Елбасы 2019 23 қаңтар «Жастар жылының» ашылу форумында бірінші кезекте жастарға баспана беру, оларды жұмыспен қамтамасыз ету, жас кәсіпкерлерді қаржылай қолдау мен жас ғалымдарға грант бөлу секілді бірқатар мәні зор мәселелерді қозғады. Ақылымен, қолымен, дарынымен за-манауи Қазақстанды жасап жатқан тұлғаларды таныстырып, «100 жаңа есім» жобасының іске асырылуы да жастарды қолдау, үлгі ретінде көрсетуге бағытталған жастар саясатының айқын көрінісі деп білеміз. Қай салада болмасын жастар белсенділік танытуы қажет, өз ұсынысын білдіруде, жаңа идеялар тудыруда ешқандай мүмкіндікті жібермей, бәсекелесу қабілеті мықты болуға тиіс, өйткені шығармашыл ұрпақ ғылымды көтереді. Ал ғылымы мен білімі жоғары мемлекет – ең дамыған мемлекет. 
 
Сондықтан біз жастар көзіміз ашық, көкірегіміз ояу болуға ұмтылып, ұлттық санамызды, рухани сауаттылығымызты сақтай отырып еңбек етуге міндеттіміз!
 
ХХІ ғасыр бүгінгі ұрпаққа, яғни жастарға бұйырған - бақыт, 2019 жыл «Жастар жылы» - баға жетпес уақыт! Мұның барлығы біздің жүрегімізде келелі келешекке деген орасан сенім ұялататыны сөзсіз.
 
#НұрОтан #ЖасОтан #IloveQazaqstan
 
#ElimdiSuemin
 
#JastarAlga
 
#JarqunBolashaq 
 
#ЯЛюблюКазахстан