Приемная:
+7(727) 276-00-90
Бухгалтерия
+7(727)277-01-80
Версия
для слабовидящих
06
ноябрь
2018

Күзгі бал

                                                     Күзгі бал

2 қараша күні Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымында жыл сайын дәстүрге айналған «Күзгі бал» кеші болып өтті. 
Бұл тек күздің берген әдемі сыйы ғана емес, сонымен қатар оқушылардың өз өнерлерін көрсетуге де мүмкіндік алатын кезі.
 Оқушылар қазақ, орыс тілінде әндер айтып, өлеңдер оқып, күзгі балда жұп болып вальс биледі. Сонымен қатар үй жұмысы кезеңінде күз мезгілі тақырыбына арнайы қолдан жасалған дүниелерін қорғады. Бұл байқауда қатысушылар өз шеберліктерін көрсетті. Тапсырма жеңіл болмады, бірақ балалар орындап шықты. Байқау көңілді және қызықты өтті. Байқауда әділқазылар күзгі балдың жеңімпаздарын анықтады. Бірінші орын иегерлері барлық байқаудың тапсырмаларын бұлжытпай орындаған 9-сынып оқушыларының құрамы болды. Барлық қатысушылар әділқазылар тарапынан марапатталып, сыйлықтарға ие болды. Сондай-ақ, жеке атаулар бойынша да өнер көрсетушілерге сыйлықтар берілді.
 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Күз ханшайымы»- Русакова Яна