Приемная:
+7(727) 276-00-90
Бухгалтерия
+7(727)277-01-80
Версия
для слабовидящих
23
июнь
2018

"Қыз сыны-2018"


 "Қыз сыны-2018"
 
Маусымның 22-і күні Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымында "Қыз сыны-2018" байқауы өтті. Қазылар алқасы қатысушыларға сәттілік тіледі. Арулар алғашқы кезеңде өздерін таныстырып "Әлемдік этсрада жұлдызы" кезеңі бойынша ән сайысы, ІІ кезең эрудицияға арналды, ІІІ кезеңде арулардың білімділігін көрсететін логикалық сұрақтарға жауап берсе, соңғы кезең бойынша берген тапсырманы орындау, яғни әртістік қабілетін көрсетуден сайысқа түсті. Аталмыш шара қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру, әдептілікке, инабаттылыққа, ізеттілікке тірбиелеу сияқты мақсатына жетті.
Төрелік еткен қазылар алқасы режим тәрбиешісі Жумадилов Ердос Ибраевич, психолог Усипбекова Жанна Карабаевна көрермендер мен қатысушыларға ыстық лебіздерін білдірді. Қызықты әрі тартысты өткен байқау қорытындысы бойынша, бірінші орынды Мария Медведева, екінші орынды Камилла Калмурзаева және үшінші жүлделі орынды Дариға Сейтхан иеленді. Қалған арулар "Мисс нежная", "Мисс умница", "Мисс привлекательная" сынды атақтарға ие болды және марапаттау қағаздары берілді.