Приемная:
+7(727) 276-00-90
Бухгалтерия
+7(727)277-01-80
Версия
для слабовидящих
08
май
2018

"9 мамыр- Жеңіс күні!"

Ананы баласынан, ағаны бауырынан айырып, мыңдаған боздақтарды жер жастандырып, бөтен елдің топырағын бұйыртқан зұлмат соғыстың өлшемі адам өмірімен, тағдырымен бағаланып, өте қымбатқа түскен жеңістің аяқталғанына биыл 73 жыл. Осындай ерекше мереке қарсаңында Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымында 9 мамыр Жеңіс күніне арналған сыныптан тыс іс-шара болып өтті. Мақсаты: оқушыларды өз Отанын сүюге, әділдікке, ерлікке, адал, батыл болуға тәрбиелеу, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін сыйлауға тәрбиелеу. Бұл кеште ән де орындалды, өлең де оқылды. Біз тек еліміздің жарқын болашағын, жас ұрпақтың өмірін, халықтың бақыты мен қуанышын сақтап қалған, ел алдындағы борыштарын өтеп, жеріміздің тұтастығын қорғап қалған ерлерге тағзым етеміз! 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Похожие публикации:

05 апрель 2018 Спорттық іс-шара
14 февраль 2018 АПТАЛЫҚ
06 декабрь 2017 Екі жұлдыз 2017