Приемная:
+7(727) 276-00-90
Бухгалтерия
+7(727)277-01-80
Версия
для слабовидящих
23
апрель
2018

«Екі жұлдыз» байқауы

 

19 сәуір күні Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымында «Нұр Отан»партиясының «ЖастарОтанға» партиялық жобасы аясында жыл сайын жалғасын тапқан дәстүр бойынша «Екі жұлдыз» атты өнер байқауы биыл алтыншы рет өткізілді. Мақсаты: оқушылардың әртістік қабілетін, досшылдығын, шығармашылық іс-әрекеттерін, ізденімпаздылықтарын дамытып, қолдау көрсету, белсенділігін арттыру. 

Аталмыш жұптық байқау 4 сайыстан тұрды және 7 жұп қатысты:

v Топтың өзін таныстыру, амандасу рәсімі;

v Ән шырқау

v Би билеу

v Қабілеттерін көрсету (жігіттер мен қыздардың жеке сайысы)


Сондай-ақ шараның әділ-қазылар алқасыныңқұрамында мектеп директоры-Ысқақов Н.Ж., Каримова А.Б. және қолөнер мен суреттен сабақ беретін мұғалім Бекмурзина Л.Б. болды.

«Екі жұлдыз»сахнасынан көтеріңкі көңіл-күй, әдемі әуен мен жарасымдылық атмосферасы еш кетпеді. Байқау соңында төрешілер өз бағаларын берді. Барлық қатысушылар «Ең креативті жұп», «Ең қызықты жұп», «Ең көркем жұп» сияқты әр түрлі номинация бойынша дипломмен марапатталды. Жүлделі орындарға: 1- Константин мен Вероника; 2- Мұрат пен Анар; 3-Тимур мен Светлана ие болды.

Ашылу салтанаты. Жүргізушілер 

 

Ән сайысы

 

 

Би сайысы

                                  

                                 

 

 

 

 


 


 Қабілеттерін көрсету (қыздар)



                                                          Қабілеттерін көрсету (жігіттер) 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-орын Светлана және Тимур

2-орын Мұрат және Анар 

                                     

 1-орын Константин және Вероника