Приемная:
+7(727) 276-00-90
Бухгалтерия
+7(727)277-01-80
Версия
для слабовидящих
06
февраль
2020

Абай Құнанбайұлына 175 жыл

«Сөз маржаны- іздеген бар асылы.
Ұлы ақынды тудырған Алаш Ұлы.
Хакім Абай дегенің Хақтың сөзі,
Ақын Абай дегенің дала сыры.»


2020 жылы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толады. Осыған байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 30 мамырда ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын атап өту туралы жарлыққа қол қойған болатын. Мерейтойды атап өту мақсатында
2020 жылғы 6 ақпанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша «Nur Otan» партиясының «Жастар-Отанға» партиялық жобасы аясында арнаулы білім беру ұйымының кітапханасында қазақ ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Б. Абуталиеваның ұйымдастыруымен "Өлмейтұғын артына сөз қалдырған" атты әдеби-поэтикалық шара болып өтті. Сондай-ақ Абай көрмесі мен фотокөрмесі ұйымдастырылды. Ұлы Абайдың туған күніне орай өткізілген шарада тәрбиеленушілер Абай өлеңдері мен қара сөзінен үзінділер оқып, театрланған қойылым қойылды.
9 сынып оқушылары Сартова Арай,Орынбек Ақеркемұғалім Нұргүл Кәрібайқызымен бірге Абайдың "Көзімнің қарасы", сонымен бірге музыка жетекшісі Наталья Николаевна дайындаған оқушылар хоры "Желсіз түнде жарық ай" әндерін нақышына келтіріп орындады. Бұдан бөлек жиналған қауым 5 сынып оқушысы Абенұлы Алмастың орындауында "Адай" күйін тыңдап, оқушылардың оқуындағы Абай өлеңдерімен сусындап қайтты.

Көгімізден нұрын төгіп азат күн,
Отанымыз күйін кешіп ғажаптың.
Әр сөзінен ұғындырған ұлылық
Ұлы Абайы жасай берсін ҚАЗАҚТЫҢ!!!
#NurOtan
#АбайҚұнанбайұлына175жыл
#175летие Абая