Приемная:
+7(727) 276-00-90
Бухгалтерия
+7(727)277-01-80
Версия
для слабовидящих
01
июнь
2018

1 маусым

     Бүгін 1 маусым 2018 жылы Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы білім беру ұйымы тәрбиеленушілері «Kinopark 6» (Спутник) кинотеатрна барып, Париж аспанын әнге бөлеп, күллі әлемді тамсандырған Әміре Қашаубаевтың 130 жылдығына арналып шыққан «Әміре» фильмін көріп қайтты.
        Әміре Еуропа қошемет көрсетіп, қол шапалақтаған қазақтан шыққан алғашқы әнші бола тұра, өз елінде әділетсіз ұмыт болған. Сондықтан да ел үшін осындай ерекше дарын иесі туралы көпшіліктің білгені маңызды. Әміре Қашаубаевтың қиын өмір жолын және фильмде шырқалатын оның дауысын естуге мүмкіндік берген фильм түсіру тобына біздің алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Осы фильмді көру бақытына ие болып, Әмірені жақын танып, ұлттық дәстүрлі өнермен етене танысқан біздің тәрбиеленушілеріміздің бойында мақтаныш сезімі оянды деп сенеміз.