«Тәуелсіздік- ел тілегі»
Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік- ел тілегі» атты мерекелік іс-шара болып өтті. Аталмыш іс-шараның өтуіне барлық мектеп тәрбиеленушілері, педагогтар өте белсенді ат салысты. Мерекелік шарамыз Оқушылардың патриоттық және азаматтық негізін қалыптастыру, өз Отанына деген мақтаныш сезімін тәрбиелеу, ұлттық дәстүрді сыйлау мақсатында ұйымдастырылды.