Приемная:
+7(727) 276-00-90
Бухгалтерия
+7(727)277-01-80
eOtinish.kz
Версия
для слабовидящих
18
июль
2025

Жаздык демалыс

шахмат ойыны​​​

Арнаулы білім беру ұйымында оқушылардың бос уақытын ұйымдастыру мақсатында шашки мен шахмат ойыны бойынша турнир өткізілді. Мақсаты: Балалардың стратегиялық ойлауына, логика мен проблемаларды шешу сияқты әртүрлі интеллектуалды дағдылардың дамуына ықпал ету. Турнир бойынша:
1 орын-Давлитбекұлы Мұстафа
2 орын-Ким Артем
3 орын-Еламан Бексұлтан иеленді!
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!!! 


есірткіге қарсы күні

26.06.2025 ж. Халықаралық есірткіге қарсы күніне орай, тәрбиеленушілер плакаттарға түрлі-түсті сурет салып, нашақорлықпен күресу жолы туралы өз ойларын білдірді. Артынан «Дені саудың, жаны сау» атты эстафеталық іс-шара ұйымдастырылды. Мақсаты: балалардың салауатты өмір салтын ұстанып, денсаулық ұғымының құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.   

кезекті іс-шара 

“Арнаулы білім беру ұйымында” кезекті іс-шара өткізілді. Іс-шараның демеушісі @alexey_zolotoi . Тақырыбы: “Көңілді ойындар”. Мақсаты: Түрлі ойын тапсырмалар арқылы балалардың қиялы мен қабілетін жетілдіру. Балалардың сөздік қорын толықтыру, байланыстырып сөйлеуге дағдыландыру. Балаларды ұйымшылдыққа, достыққа, бір - біріне көмектесуге, еңбексүйгіштікке  

“Нептун күні”​​​

29.06.2025 жылы Арнаулы білім беру ұйымында “Нептун күні” жазғы сауықтыру іс-шарасы өткізілді. 🧜🏻‍♂️🪼
Іс-шараның мақсаты: Балаларға су тіршілік көзі екенін үйрету, достыққа және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Балалар көңілді әуендер айтып, би билеп, қызықты ойындар ойнады.
Іс-шара соңында «Көбікті кеш» мерекесін ұйымдастыруға демеуші болған @pena_kz алғысымызды білдіреміз! Балалар көпіршіктердің арасында шексіз қуанышқа бөленіп, мәз-мейрам болды. 🫧🫧🫧 Тәрбиеленушілер көңілді уақыт өткізді!  


ойын-сауық шоу 

30.06.2025 ж. «ShowToday» ойын-сауық шоу ұжымының демеушілігімен Арнаулы білім беру ұйымының балаларына естен кетпес кеш сыйлады.✨
Кеште балалардың көңіл-күйін көтеру және өзара қарым-қатынастарын дамыту мақсатында ойындар жүргізілді.
Ойын соңында балмұздақтар таратылып, барлығы көңілді күймен қайтты.😍
Балалардың жазғы демалыстарын жарқын еткен  @showtoday.almaty ұжымына, тәттілерді ұйымдастыруға көмектескен @ademivyshivka демеушілеріне шын жүректен алғыс білдіреміз!🤝🔥☺️ 


«F1» киносын тамашалау

09.07.2025 ж. Арнаулы білім беру ұйымының тәрбиеленушілері «F1» киносын тамашалау үшін Kinoplexx 7 Sary-Arka кинотеатрына барып қайтты. Балалар ерекше әсер алып, көңілді уақыт өткізді.💥 Жарқын демалыс сыйлаған Kinoplexx 7 Sary-Arka ұжымына алғысымыз шексіз! 🙏🏻✨