Приемная:
+7(727) 276-00-90
Бухгалтерия
+7(727)277-01-80
Версия
для слабовидящих
» » «Жарқын болашақ менің қолымда»
01
февраль
2018

«Жарқын болашақ менің қолымда»

2018 жылы 25 қаңтарында ұйымның акт залында оқушылар арасында «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында көңілді тапқырлар сайысы (КВН) болып өтті.



Тәрбиеленушілердің өмірге белсенді қатысуына, ынтымақты орта мен жауапкершілікті азаматтық қоғам қалыптастыруға бағытталған «Жарқын болашақ менің қолымда» тақырыбындағы жарыс - сәлемдесу, әзіл бәйге, капитандар сайысы сынды шарттардан тұрды. Сайысты ұйымымыздың директорыН.Ж. Искаков ашып берді. Әзілқойлар мен тапқырлардың сайысын директор Н.Ж. Искаков, директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарыД.Р. Бейсекенова және әкімшілік бөлімінен А.Б. Каримова мен А.О. Жұман бағалап отырды.


 

Барлық сыныптан құралған 4 командалар өнер көрсетіп, жиналған қауымды күлкіге орады. «Өзіміз ғой», «Короли», «Старики», «Ну, погоди!» КВН командалары өзара сайысқа түсті. Қазылар алқасының шешімімен және өздері көрсеткен ойындарына қарай «Короли» командасы бірінші орынды иеленді. Сайыс жүлдегерлеріне мақтау қағазы мен заттай сыйлықтар табысталды.

Тәрбиеленушілердің шығармашылығының бір саласы ретінде насихаттау, өзара достық қарым-қатынасын күшейту, жарқын болашақтың жарқын жастары болуына үлес қосу мақсатында ұйымдастырылған қазақша КВН ойыны өте қызық болды және бәрінің көңілінен шықты.