Приемная:
+7(727) 276-00-90
Бухгалтерия
+7(727)277-01-80
Версия
для слабовидящих
» » «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»
26
январь
2018

«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау
«Дамудың елімізге қажет жаңа сапасы»


              17.01.2018 жылы Девиантты мінез -құлықты балаларға арналған арнаулы білім беру ұйымында ұйым тәрбиеленушілері мен педагог, қызметкерлердің қатысуымен «Дамудың елімізге қажет жаңа сапасы»  атты Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру барысын ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастыру бойынша талқылау шарасы болып өтті. Бұл Жолдау- әрбір қазақстандықтың тұрмысын жақсартып, экономиканың өсуіне бағытталған және білім беру саласындағы оңшыл бағыттарымен ерекшеленген Жолдау. Жиында сөз сөйлеген Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары- Бейсекенова Динара Румханқызы жолдаудың негізгі мазмұнына, жолдауда айтылған міндеттерге тоқталды. Бұл жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайтынын, сондай-ақ жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертеді деді.